Кураш | СПОРТ ТҮРЛЕРІ | АСТАНА 2024 5-ШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫ

ҚОРЫТЫНДЫ ХАТТАМАЛАР

Екі қарсылас тік тұрып күреседі, жекпе-жек дзюдодағыдай кілемше- лерде өтеді.

Курашта жатып күресуге тыйым салынады. Тек тік тұрып күресуге болады және тек лақтыру мен аяқтан қағуға рұқсат етіледі. Кез келген соққы, ауыртпалық, тұншығу әдістерін, сондай-ақ белбеуден төмен қармап ұстауға қатаң тыйым салынады.

Команда құрамы: 8 спортшы, 1 бапкер, 1 төреші

Жарысқа 18 жастағы және одан асқан спортшылар жіберіледі.

Жары- стар ерлер мен әйелдер арасында өткізіледі. Барлық салмақ дәрежесінде 1 спортшы жіберіледі.

Ерлер салмақ дәрежелері: 60 келіге дейін, 66 келіге дейін, 73 келіге дейін, 81 келіге дейін, 100 келіден жоғары.

Әйелдер салмақ дәрежелері: 57 келіге дейін, 70 келіге дейін, 87 келіге дейін.

Күрестің ұзақтығы:

  • Ерлер арасында –5 минут.
  • Әйелдер арасында –3 минут.

Жарыстар «International Kurash Association» (Халықаралық «Кураш» қауымдастығының) ережелері бойынша өткізіледі.