Ордо | СПОРТ ТҮРЛЕРІ | АСТАНА 2024 5-ШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫ

Команда құрамы: 8 ойыншы, 1 бапкер.

Жарысқа 18 жастағы және одан асқан спортшылар жіберіледі. Жарыстар ерлер арасында өткізіледі. Ордо тегіс жерде өтеді. Шеңбердің диаметрі 12 м. Ойын ұзақтығы 2 сағат.

Әр команданың бірыңғай спорттық формасы болуы керек. Әрбір қатысушының спорттық футболкасында өтінімде көрсетілген нөмірлеріне сәйкес келетін нөмір болуы керек.

Егер екі команда бірдей ұпай жинаса, жеңіс келесі тәртіп бойынша беріледі:

  • жекпе-жек кездесуде жеңіске жеткен командаға;
  • барлық ойындарда шеңберден шығарған асықтар санына қарай;
  • шығарылған асықтардың саны бірдей болса, барлық ойындарда шығарылған Ханның саны есептеледі.

Жарыстар Қырғыз Республикасының «Ордо Оюну» спорт федерациясының қолданыстағы ережелеріне сәйкес өткізіледі.