ҚР ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ Е. МАРЖЫҚПАЕВ ДИРЕКЦИЯ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ | Жаңалықтар | АСТАНА 2024 5-ШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫ

ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекцияның кеңсесіне барып, ұжым мүшелерімен кездесті. Ойындарды өткізу бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар жоспарымен танысты. Сұрақ қойылып, ұсыныс-пікірлер айтылды. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 8-14 қыркүйек аралығында Астанада өтеді.

Ойындарға 100-ден аса мемлекеттен 4000-ға жуық спортшы қатысып, елімізге 100 мыңнан аса турист келеді  деп жоспарлануда.